Балалар сабаққа келмесе де, ақша төлене ме? Астанада Face ID жүйесі төңірегінде дау туды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бауыржан Момышұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреттері тарады

Бауыржан Момышұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреттері тарады
Алаш коллажы (Фотолар: Сәт Айтұғанұлы)

Құнды фотоматериалдар Ресейдің мемлекеттік музей қорының каталогынан табылған. Тарихи суреттерді зерттеуші Бекжан Бектенбай әлеуметтік желі арқылы Сәт Айтұғанұлына жолдаған болатын.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің түлегі, тарих пәнінің мұғалімі Сәт Айтұғанұлы қазақтың даңқты қолбасшысы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының бұрын көпшілікке жарияланбаған тарихи фотосуреттерін анықтады, деп хабарлайды kznews.kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жаңалық – ұлттық мұраны зерттеу мен сақтауға қосылған маңызды үлес әрі оқу орны түлектерінің ізденісі мен кәсіби жетістіктерінің көрінісі.

Айта кетейік, Сәт Айтұғанұлы 2017 жылдан бері Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолына қатысты тарихи деректерді жинақтап, зерттеумен айналысып келеді. Бүгінде ол Тараз қаласындағы білім беру мекемелерінде тарих пәнінен сабақ беріп, жас ұрпаққа батырдың өнегелі өмірі мен рухани мұрасын насихаттап жүр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.