"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нартай Аралбайұлы Оқу-ағарту министріне қалың елді алаңдатқан мәселені ашып берді

Нартай Аралбайұлы Оқу-ағарту министріне қалың елді алаңдатқан мәселені ашып берді
kznews.kz коллажы

Мәжіліс отырысында депутат Нартай Аралбайұлы мектептегі білім сапасы мен оқушылардың жаппай жеке курстарға баруына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың айтуынша, мемлекет білім жүйесін жақсарту үшін мектептер салып, мұғалімдердің біліктілігін арттырып, бағдарламаларды жаңартып, салаға қосымша қаржы құйып жатыр. Соған қарамастан, көптеген оқушы ҰБТ мен түрлі емтихандарға дайындалу үшін қосымша курстарға жүгінуге мәжбүр.

"Біз жаңа мектептер салып жатырмыз. Ұстаздарымыздың біліктілігін арттыруға арналған курстар өткізіп жатырмыз. Білім бағдарламасына тиісті өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Осы салаға қосымша қаржы құйып жатырмыз. Бірақ ҰБТ тапсырарда әлеуметтік жағдайы жететін оқушылардың бәрі қосымша курстарға баруға мәжбүр", – деді Аралбайұлы.

Ал Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қосымша курсқа бару әр азаматтың жеке таңдауы екенін атап өтті. Сонымен қатар министрлік мектептегі білім сапасын көтеру үшін кешенді жұмыс жүріп жатқанын жеткізді.

Қазақстанда бүгінде шамамен 8 мың мектеп жұмыс істейді, онда 4 миллионға жуық оқушы білім алады. Олардың 250 мыңнан астамы – жекеменшік мектептің шәкірттері. Informburo.kz дерегінше, соңғы 6 жылда елдегі жекеменшік мектептердің саны 4 есе өсіп, биыл олардың жалпы саны 800-ге жуықтаған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер