«Ажал аранына» айналған теміржол: Жұмысшы өмірінің құны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сүйінші, ағайын! Нартай Аралбайұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты

Сүйінші, ағайын! Нартай Аралбайұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Нартай Сәрсенғалиев

Енді Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары мен олардың филиалдары "Қазақстан тарихы" және "Қазақ тілі" пәндерін міндетті түрде оқытуға тиіс болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Депутат Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен маңызды норма қабылданғанын атап өтті.

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында "Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары "Қазақстан тарихы" және "Қазақ тілі" пәндерін міндетті түрде оқыта отырып, тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес білім беру сапасын қамтамассыз етеді" деген норма бекітілді", – деп жазды ол.

Мәжілісменнің айтуынша, бұл талапты қамтитын заң жобасы жақын уақытта екінші оқылымға шығарылмақ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер