KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Нағыз байлық”: Динара Сатжан өзінің зәулім үйін көрсетті

Torgyn Abushakhman

Белгілі журналист және тележүргізуші Динара Сатжан жұбайы Жұмабек Жанықұловпен бірге достарын — Тұрсын мен Баян Алагөзовтерді, сондай-ақ Аида Кауменованы өздерінің зәулім үйіне қонаққа шақырып, оларға шағын экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Kznews.kz

43 жастағы журналист бұл сәттердің видеосын Instagram парақшасында жариялады.

«Достар – бұл нағыз байлық! Ал қасыңда ақылды, парасатты әрі қызықты адамдардың болуы – ең үлкен бақыт. Себебі мұндай адамдармен бірге өсесің, күлесің және ең бастысы – өзің болып қала аласың!» – деп жазды Сатжан 2025 жылдың 18 қазанындағы жазбасында.

Сондай-ақ ол қонақтарды қарсы алуға мұқият дайындалғанын да көрсетті.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары