Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мұздай қаруланып, "астананы жаулап алмақ" болған жігіттің кім екені анықталды

Мұздай қаруланып, "астананы жаулап алмақ" болған жігіттің кім екені анықталды

Заңсыз қару сақталғаны дәлелденсе, ұсталған жігіт қамауға алынуы немесе ірі мөлшерде айыппұл төлеуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша — Sputnik. Әлеуметтік желіде тарап, жұртты шошытқан атышулы видеороликтегі жігіттің кім екені анықталды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Видеодағы адам - 24 жастағы бұрын сотталған астана тұрғыны. Қылмыстық кодекстің 287-бабы "Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.

Видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Қолына екі бірдей қару ұстаған жас жігіт "Астана біздікі, Аллаһу әкбар" деп күліп отыр. Көлікте қару-жарақтың бірнеше түрі жатқанын байқауға болады. Оның ішінде автомат та бар.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=AnX-9SaqeuY[/embed]

Қылмыстық кодекстің бұл бабы бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (505 мың теңге шамасында) айыппұл немесе түзету жұмыстары, болмаса 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.


sputniknews.kz
Автор
Данияр