Пентагон құпияны ашты: Қазақстан аспанында белгісіз құбылыс байқалғаны туралы дерек жарияланды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мұхамеджан Тазабек Назарбаев туралы ойын айтты

Мұхамеджан Тазабек Назарбаев туралы ойын айтты
Alash.kz коллажы

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек журналист Жанар Байсеміздің YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақын өз көзқарасы нақты адамдарға емес, жалпы билік жүйесіндегі құндылықтарға бағытталғанын атап өтті.

"Менің көзқарасым жеке тұлғаларға – Назарбаевқа, Тоқаевқа немесе басқа билік басындағыларға емес, жалпы биліктің құндылықтарына байланысты", – деді ол.

Мұхамеджан Тазабектің айтуынша, "Тұңғыш президент" ұғымын отбасындағы тұңғыш баламен салыстыруға болады. Оның пікірінше, алғашқы президентке кең мүмкіндіктер мен ерекше өкілеттіктер беріліп, нәтижесінде барлық шешім бір орталыққа шоғырланған. Сондай-ақ ақын өткен кезеңдегі қателіктерді тек бір адамның мойнына арту дұрыс емес екенін айтты.

"Назарбаевтың өзі де мойындаған: кадрлық мәселеде де, жалпы шешімдерде де қателіктер болды. Кеңестік тапшылық дәуірінен кейін халық молшылыққа ұмтылды. Бұл тек бір адамның әрекетіне байланысты емес, бүкіл қоғамның талпынысы еді. Ол кезде ешкім ешкімді аяған жоқ. "Мен" деген азаматтар қарақшылыққа барды, ал шенеуніктер мемлекеттің мүлкін өзінікі деп санады", – деді Тазабек.

Ақынның сөзінше, сол кезеңде шенеуніктер де, ықпалды азаматтар да жеке мүддені алға қойған жағдайлар көп болған.

"Қателіктерді тек бір адамға таңу дұрыс емес. Өйткені патшаның жанындағылар сол орта мен жағдайды қалыптастырады. "Төмен ойлайтындар адамдарды талқылайды, орташа ойлайтындар оқиғаларды сөз етеді, ал жоғары ойлайтындар құндылықтарды саралайды" дейді. Сондықтан мен барынша құндылық тұрғысынан ойлауға тырысамын", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер