Семейде бір топ оқушының өзінен кіші баланы соққыға жығып, мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлегені туралы видео тарады. «Криминальный Казахстан» Telegram каналының мәліметінше, оқиға №9 мектептің алтыншы және жетінші сынып оқушылары мен №15 мектептің төртінші сынып оқушысы арасында болған.
Абай облыстық Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Жасөспірімдер есепке алынып, мінез-құлқын кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясы қарайды. Ата-аналар тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Оқиғаның себептерін жою үшін мектеп әкімшілігіне ұсыныс жасалады. Тергеу ерекше бақылауда.
фото: egionsamara.ru, бильд-редактор: Дастан Шанай