“Жұмыс істегісі келген адам жұмыс таба ма?“ Бектенов Еңбек министрінен бос жұмыс орындары туралы сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мұнай бағасы 100 долларға жақындады: Қазақстанды не күтіп тұр?

Мұнай бағасы 100 долларға жақындады: Қазақстанды не күтіп тұр?
Фото: ЖИ көмегімен жасалған.

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 100 АҚШ доллары межесіне тағы жақындады.

Мәселен, 8-қыркүйектегі саудада баррель құны 97,4 доллар шамасында қалыптасты. Яғни, бір айда мұнай шамамен 11 пайызға, ал бір жылда 46 пайыздан астам мөлшерге қымбаттаған.

Бағаның негізгі қозғаушы күші АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың қайта шиеленісуі және Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалына қатысты тәуекелдің күшеюі екені анық.

Халықаралық Reuters агенттігінің дерегінше, Таяу Шығыстан мұнай жеткізілімі тәулігіне 18 млн баррельден 11 млн баррельге дейін қысқарғанымен, бұғаз арқылы әлі де 4–5 млн баррель сұйық отын экспортталуда. Бірақ, нарықтағы баға 100 долларға жетткенімен, одан да жоғары әрі тұрақты өсу үшін нақты физикалық тапшылық пайда болған жоқ дейді мамандар.

Ал Қазақстан үшін бағаның көтерілуі тек мұнайдың қымбаттауы ғана емес, оның экспорттық табысқа қаншалықты айналатыны маңызды болып отыр.

2026–2028 жылдарға арналған бюджетте мұнайдың есептік бағасы бар болғаны 60 доллар деңгейінде алынған. Демек, қазіргі 97 доллар шамасындағы баға бюджет параметрлерінен шамамен 60 пайызға жоғары.

Алайда, жоғары мұнай бағасы автоматты түрде теңгені нығайтып, бюджет кірісін бірден арттырмайды екен. Бұл жерде Қазақстан мұнайының экспорттық бағыттары, тасымал шығындары, валюта нарығындағы Ұлттық қор операциялары және әлемдік сұраныс маңызды рөл атқарады.

Екіншіден, қор нарығының реакциясы да мұнай құнының өзгеруіне сәйкес бейімделмегені байқалады. Яғни, АҚШ индекстері іс жүзінде орнында қалса, KASE индексі 0,93 пайызға төмендеп, 8 036,64 тармаққа түсті.

Қысқасы, мұнай қымбаттаған сайын экспорттық түсім артуы мүмкін, бірақ сонымен бірге импорттық инфляция, жанармай бағасы және жаһандық нарықтағы құбылмалылық қысымы сақталады деген пайым бар.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.