"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен айтыста бас жүлде алды

Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен айтыста бас жүлде алды

Белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен халықаралық айтыста бас жүлде алды. Бұл туралы Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Қазақ пен қырғызға ортақ ақын болды деген осы. Қуан, қазақ! Қырғыздың Қарқара жайлауында өткен халықаралық айтыстағы Мұхтардың бас жүлдесі құтты болсын", - деп жазды Руслан Рүстемов. Айта кетейік, Мұхтар Ниязов 1985 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Оның айтысқа келу жолы аудандық оқушылар айтысына қатысудан басталған. Содан бері айтыскер ақын облыстық, республикалық ақындар айтысында бірнеше рет бас жүлде алып, ел ішінде танымалдығы арта түсті. Мұхтар Ниязов елімізде дәстүрлі түрде өтетін "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысының үш дүркін жеңімпазы.

Автор
Айбар