Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

мұғалімдердің өрескел қылығы видеоға түсіп қалған

мұғалімдердің өрескел қылығы видеоға түсіп қалған

Желіде тараған видеодағы оқу ісінің меңгерушісі мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қазір еңбек демалысында

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым — Sputnik. Алматыдағы №160 мектеп мұғалімдерінің жат қылығы түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрларда ашуға булыққан екі ер адам оқушыларды ұлтшыл деп айыптап жатыр.

Білім беру мекемесі Sputnik Қазақстанға мәлімет бергендей, видеодағы екі ер азамат – оқу ісінің меңгерушісі мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

"Бұл – біздің қызметкерлеріміз. Бірі – оқу ісінің меңгерушісі, екіншісі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Екеуі де 1 маусымнан еңбек демалысына кеткен. Қазақстан Республикасының еңбек кодексі бойынша мектеп басшысы ретінде бұл мәселеге араласуға құқығым жоқ, себебі оқиға жұмыс уақытында болған жоқ әрі мектеп территориясында болмаған", - деді  №160 мектептің директоры Гүлнара Дәулетова.

Ол қол астындағы қызметкерлерінің қылығына ашуланып отырғанын мәлімдеді. Бірақ оларды жұмыстан шығару туралы және айыбы қаншалықты ауыр жайлы ештеңе айта алмады, себебі мұғалімдер шілденің аяғы мен тамыздың басына дейін еңбек демалысында болады.

Тағы оқыңыз: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушысын жарты жыл бойы спортзалда зорлаған

"Біздің мектеп көпұлтты, қырықтан астам ұлт өкілдері білім алады. Бәрі бір-бірімен дос", - дейді директор.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр