Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мұғалімдер қызметіне қатысы жоқ жұмысқа бармайды - Аймағамбетов

Мұғалімдер қызметіне қатысы жоқ жұмысқа бармайды - Аймағамбетов

Бүгін Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кездесіп, білім саласына қатысты мәселелерді талқылады.


Сенаттың баспасөз қызметінің айтуынша, С.Еңсегенов білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелерді көтерді. Депутат пен министр қашықтан оқуға дайындқты, мектеп директорларын ротациялау арқылы тағайындау, жалақыны арттыру және мемлекеттік сатып алуға құжаттарды дайындау бойынша мұғалімдерге түсетін жүктемені алып тастау мәселелерін көтерді.

Асхат Аймағамбетов заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жобасы дайындалғанын, ол қазірдің өзінде парламентке жіберілгенін және бұл айтылған мәселелерді шешуге ықпал ететіндігін айтты.

Сонымен қатар, депутат мектеп психологтарының жұмысына қатысты мәселелер туралы сөз қозғады.

А.Аймағамбетов "Педагог мәртебесі туралы" жаңа заң мұғалімдерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол бермейтінін айтып, С.Еңсегенов сөз еткен мәселелердің барлығы министрліктің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

stan.kz

Автор
Айбар