"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Мұндай ешқашан болған емес". Қызылорда облысында бөгет жарылды - Тосын жай

"Мұндай ешқашан болған емес". Қызылорда облысында бөгет жарылды - Тосын жай

Қызылорда облысы Қазалы ауданында су Сырдария өзеніндегі бөгетті жарып жіберіп, нәтижесінде 60 гектар жайылым су астында қалған. Тұрғын үйлер мен оның маңын су басқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, осымен екі тәулік бойы 150 адам мен 40 дана техника жұмыс істеп жатыр.

"Осында тұрғаныма қанша болды, бірақ мұндай ешқашан болмапты! Қыс ортасында судың тасып кетуі деген болған емес. Неге бұлай болды?", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі Улия Жұбаныш.

Ал жергілікті әкімдік өкілдері төтенше жағдайға кеміргіштердің себеп болуы мүмкін екенін айтады.

"Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы 2018 жылы облыстағы 21 қауіпті аймақты атады. Бірақ біздің аудан ешқашан ондай қауіпті болып саналған емес. Бұған бөгетте ін қазған кеміргіштер себеп болуы мүмкін", - деді Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Санжар