Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мүфтият тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруын «харам» деді

Мүфтият тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруын «харам» деді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі әйелдің күйеуінің тегін алуына қатысты пәтуа шығарды. Smartnews.kz басылымының хабарлауынша,
Мүфтият шариғат бойынша әрбір адам өз тегімен аталуы тиіс екендігін алға тартты.

Алла Тағала Құранда: «Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың құзырында ең дұрысы сол», – деп бұйырды, - деп еске салды ҚМБД.

Осы аятты алға тартып кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салса, кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өту ғұрыпта қалыптасқан әрі елге таныту мақсаты болса, оқасы жоқ дегенді айтады. Мүфтият осы жайтқа қатысты түсіндірме берген. Басқарма дерегінше, күйеуі әйелін өз тегін алуға мәжбүрлей алмайды.
Өйткені Құранда: «Нұхтың әйелі және Лұттың әйелі» деп әйелдерді күйеуінің атымен танытып тұр. Әбу Сағид әл-Худриден (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте: «Мәсғудұлының әйелі Зейнеп (Алла оған разы болсын) Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп (кіруге) рұқсат сұрайды. «Уа Алланың Елшісі! Зейнеп кіруге рұқсат сұрап тұр!» – дегенде, ол: «Қайсы Зейнеп?», – деп сұрайды. «Мәсғудұлының әйелі», – деп жауап береді. Ол: «Кірсін» дейді. Сонда оған кіруге рұқсат береді». Сондықтан тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Оны өзгерту – харам. Ал күйеуінің тегіне ауысуының оқасы жоқ, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегін алуға мәжбүрлеуі дұрыс емес, - делінген пәтуада.
Автор
Данияр