ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Мөшекке салып, балғамен соққан": Қостанайда иесі итін аяусыз өлтірген

"Мөшекке салып, балғамен соққан": Қостанайда иесі итін аяусыз өлтірген

Қостанай қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында иесі итін аяусыз өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай тұрғыны өзінің инстаграм парақшасында иттің өліп бара жатқан кезіндегі видеосын жариялады. Видеода ер адамдардың итті қалай өлтіргені көрсетілмеген. Екі ер адам итті мөшекке салып, қолдарына балға алып кетіп бара жатқанын ғана көруге болады.

"Иттің қыңсылағын дауысын ауладағылардың барлығы естіді. Біз қорқып, сыртқа шықтық. Үш ересек адам, ішінде біздің аулада тұратын қарияда бар, алты қабатты үйдің астында мөшекті балғамен ұрып жатқанын көрдік. Көпқабатты үйдің тұрғындары полиция шақырып, итті құтқармақ болған. Бірақта ит өліп қалған еді. Ал иесі ит тауықтарды тасып жегендіктен, осындай әрекетке барғанын айтты”, – дейді куәгерлер.

Куәгердің айтуынша, иттің өлген уақыты кіре берісте орнатылған бейнебақылау камераларына түспеген. Дегенмен, дайындық сәті кадрларда анық көрінеді.

Полиция департаменті материал тіркелгенін хабарлады, учаскелік полиция қызметкері оларды жауапқа тарту үшін бейнежазбадағы адамдардың жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.



Автор
Айбар