KZNews.kz
Шоу-бизнес

Мөлдір Мұқанова неліктен бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов жайлы сұхбат берді?

Қайсар Қанат
әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Медиақұрылтай алаңында продюсер Мөлдір Мұқанованың бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатовқа қатысты алғаш рет ашық сұхбат беру себебі талқыланды. Бұл туралы журналист Жанар Байсеміз айтты, деп kznews.kz тілшісі Kursiv.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистің айтуынша, Мөлдір мен Тұрсынбек отбасы – еліміздегі кез келген отбасы секілді, қоғамның бір үлгісі.

"Отбасы, бұл – құндылық. Мөлдір мен Тұрсынбектің отбасы Қазақстаннан бөлек отбасы емес. Қазақстандағы отбасы. Отбасы – шағын мемлекет. Мемлекетті отбасы құрады. Өзінің деңгейін жоғары қоятын адамдар неге ол жағын ойланбайды? Осы сұхбаттан кейін, қаншама әйел Мөлдірге де, маған да жазып жатыр. Мұндай жағдайда жүрген қаншама отбасы бар", – деді Байсеміз.

Оның айтуынша, Мөлдір Мұқанова ұзақ уақыт бойы ешқандай мәлімдеме жасамауға тырысқан. Журналистерден сұхбат сұрағандар көп болғанымен, продюсер бәрінен бас тартып келген.

"Мөлдірге хабарласқан журналистер өте көп болған. Бұл мәселе жан-жақтан гу-гу әңгіме болды. Әр жаққа барғанда, бұл сұрақтарды Мөлдірге қойды. Бірақ ол ештеңе жарияламаймын деді. Арада біраз уақыт өтті. Ол дүние ушығып кетті. Ол кісінің шыдамының шегі таусылды. Төзімі таусылды. Сосын "кешке хабарласып: бәрі сұрап жатыр, сізге сұхбат бергім келеді" деді. Алдында мен шақырғанмын. Мені таңдады", – дейді журналист.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары