Желіде Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның бірге түскен суреті тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Мәліметке сүйенсек, Мөлдір Мұқан іссапармен Қырғызстанға барған. Көп ұзамай әлеуметтік желілерде оның әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен суреті пайда болды.
Бұл фото желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі екеуінің қайта қосылғанын жақсылыққа балап, қуанышын білдірсе, енді бірі мұны нақты дәлел ретінде қабылдауға асықпау керегін жазды.
Әзірге Мөлдір Мұқан да, Тұрсынбек Қабатов та бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары әзілкештің парақшасындағы суреттер мен соңғы жазбаларға қарап, олардың қарым-қатынасына қатысты түрлі болжам айтып жатыр.