Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан алғаш рет жеке өміріне қатысты естеліктерін бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі "Шәйдің қыздары" жобасында алғашқы махаббатының қалай басталғанын әңгімелеп, ол сезімнің бірден емес, уақыт өте келе пайда болғанын айтты.
Оның сөзінше, бастапқыда ол бұл адамға ерекше ықылас танытпаған. Алайда уақыт өте келе қарым-қатынас біртіндеп дамып, жігіттің қамқорлығы мен көңіл бөлуі жүрегін жаулаған.
"Алғашында "маған ұнамайды" деп ойлағанмын. Бірақ ол біртіндеп мені баурап алды. Көңілімді табуға тырысып, түрлі сыйлықтар жасайтын. Сөйтіп, жүрегіме жол тапты", – деді әнші.