Мөлдір Мұқанова қуанышын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, мойнындағы әшекейдің түпнұсқа Tiffany бұйымы екенін айтты.
Оның сөзінше, сыйлықтың құны шамамен 33 миллион теңгеге бағаланады.
"Мәә, қатты қуанып тұрмын. Мен үшін де бүгін тосын сый болды. Мойнымдағы әшекейге назар аударайық. Мүшелден мүшелге аман-есен жете бер, әпке! Қатты қуанып тұрмын. Оригинал Tiffany, құны бір машина", — деді өнер иесі.
Жарияланған мәліметке сәйкес, Гүлбаршын Зайырова мүшел жасына толуына орай өзіне тиесілі қымбат дүниені жақын адамына сыйлауды жөн көрген.