Жетісуда төртем дүниеге келген отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қаскелеңде жартылай жалаңаш ер адам мектеп терезесін шағып, кірмекші болған

Қаскелеңде жартылай жалаңаш ер адам мектеп терезесін шағып, кірмекші болған

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның мектеп аумағында жүгіріп жүріп, терезеден ішке кіргені көрінеді.

Алматы облысының Қаскелең қаласында жартылай жалаңаш ер адам Н. Әлімқұлов атындағы мектепке терезені сындырып кірген. Оқиға 11 қарашада сабақ арасындағы үзіліс кезінде болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқушылар мен мұғалімдер арасында зардап шеккендер жоқ. Қазір күдіктінің психикалық денсаулығына қатысты тексеру жүргізу жоспарланған.

Мектеп әкімшілігінің хабарлауынша, оқиға кезінде дабыл қағылып, 102 және 103 қызметтеріне хабар берілген. Ер мұғалімдер ер адамды кабинет ішінде ұстап, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Қаскелең қаласының білім бөлімі оқушыларға психологиялық қолдау көрсетілгенін және бұл жұмыс жалғасатынын мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.