Мөлдір Мұқанның сөзінше, оған сериалға түсу туралы ұсыныс жаз мезгілінде түскен. Ол бұл шақыртуды бірден қабылдағанын жеткізді.
Жаңа телехикаяда өнер иесі Ерлан есімді кейіпкердің жұбайын сомдайды. Сериалдың негізгі тақырыбы дәрігерлердің еңбегі, олардың қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне арналған.
"Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине, қабыл алдым. Бұл мен үшін өнер жолымдағы ерекше жобалардың бірі болды. Шақырту келгенде қатты қуандым", – деді Мөлдір Мұқан.
Продюсер жобаның тақырыбы өзіне ерекше әсер еткенін де жасырмады. Оның пікірінше, адамдар дәрігер еңбегінің маңызын көбіне денсаулығына қатысты қиындық туындағанда тереңірек сезінеді.
Мөлдір Мұқан қоғам үшін маңызды тақырыпты көтеріп отырғаны үшін ұлттық арна мен телехикаяның шығармашылық тобына алғысын білдірді.