Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мойынқұмда атыс: оқиғадан бір адам қаза тапты

Мойынқұмда атыс: оқиғадан бір адам қаза тапты

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кісі өлтіру оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мойынқұм аулындағы азық-түлік дүкенінің маңында екі жас жігіт жанжалдасқан. Салдарынан біреуі қайтыс болды. Ауыр қылмыс жасауға не итермелегенін қазір тергеу анықтап жатыр", - деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Сол маңдағы үйдің тұрғындары атысты естіп, полицияға хабар берген.
"Жедел-тергеу тобының мамандары оқиға орнына келгенде ер адамның денесі жатыр екен. Ол Қылышбай аулының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды", - деді ведомстводағылар.

Тергеу кезінде полиция қызметкерлері Мойынқұм аулының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады және одан 20-шы калибрлі қару тәркіленді.

Қазір жанжалдың себебі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Автор
Айбар