Қоғам

ММА чемпионы Жалғас Жұмағұлов: «Жақында үшінші әйел аламын»

Torgyn Abushakhman Torgyn Abushakhman
ММА чемпионы Жалғас Жұмағұлов: «Жақында үшінші әйел аламын»

Танымал қазақстандық ММА жауынгері, Oktagon MMA лигасының аса жеңіл салмақтағы чемпионы Жалғас Жұмағұлов жақын арада үшінші әйел алуды жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазіргі таңда спортшының екі әйелінен алты баласы бар. Алайда ол мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді.

«Енді ғана бастап жатырмын. Жақында үшінші әйел аламын», – деді ол күліп Home of Fight YouTube арнасына берген сұхбатында.

Журналистің бұл сөз қалжың ба, әлде шындық па деген сұрағына Жұмағұлов үшінші әйел алуға шынымен ниетті екенін жасырмады. Айтуынша, отбасынан алшақта жүру кейде қиынға соққан.

«Әрине, отбасынан біраз уақыт алыстау оңай емес. Әйелдерімнен кету… Иә, менің екі әйелім бар, алты балам бар. Алғашында қиындықтар болды, қазір бәрі жақсы», – деді спортшы.

Сондай-ақ ол үшінші әйел алуға қазіргі екі әйелі де қарсы емес екенін атап өтті.

Айта кетейік, 37 жастағы Жалғас Жұмағұлов – Қазақстандағы ең танымал ММА спортшыларының бірі.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz