"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мьянма әскерилері мұсылмандар мінген кемені тоқтатты

Мьянма әскерилері мұсылмандар мінген кемені тоқтатты

Мьянма теңіз әскерилері Аракан штатынан қашқан 93 мұсылман азаматы бар кемені тоқтатты. Бұл туралы Kyodo хабарлап отыр.

Бок аралының солтүстік-батысынан 9 шақырым жерде ұсталған кемедегі жолаушылардың 32-і балалар. Катер капитанының мәліметі бойынша, Ситтведен қазан айында шыққан кеме Малайзияға жол тартқан. Алайда, орта жолда бағытынан жаңылысқан.

Естеріңізге сала кетейік, Мьянма билігі бұған дейін де бортында 60 аракандық қашқыны бар кемені Дарпин ауданынан ұстағандығын хабарлаған болатын.  Сонымен бірге 16 қараша күні Янгона жағалауынан қауіпсіздік күштері бортында 100-ден астам жолаушысы бар тағы бір кемені құрықтағанын мәлімдеген.

1970 жылдан бастам рохинья-мұсылмандарына қауіп төніп, этникалық тазалауға іліккен болатын. Сол уақыттан бері екі миллионға жуық тұрғын көрші елдерден пана тапса, Бангладешке қарай бет бұрғандардың 700 мыңнан астам қырғынға ұшыраған.

“The Qazaq Times”

Автор
Мадияр