Қысқы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісінен соң қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жаңартылған рейтингінде үшінші орынға орнықты, деп хабарлайды Kznews.kz.
Рейтингте Михаил Шайдоров 4961 ұпай жинап, әлемнің ең мықты үш спортшысының қатарына енді. Көш басында америкалық Илья Малинин – 5410 ұпаймен, ал екінші орында жапониялық Юма Кагияма – 5096 ұпаймен тұр.
Сондай-ақ Олимпиададағы алтын медалі үшін Михаил Шайдоровқа мемлекет тарапынан 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалып, II дәрежелі «Барыс» ордені табысталатыны айтылды.