Украинада Нұрлан Сабыровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қанша жерден қысым жасалса да..." – Михаил Шайдоров ел естімеген жайтты айтып таңғалдырды

"Қанша жерден қысым жасалса да..." – Михаил Шайдоров ел естімеген жайтты айтып таңғалдырды
Jamie Squire/Getty Images. Суретте: Михаил Шайдоров

Қазақстанға қысқы Олимпиада ойындарының тарихындағы екінші алтын медалін сыйлаған Михаил Шайдоров еркін бағдарламасында Димаш Құдайбергеннің әнін таңдауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Хабар" арнасының тілшісі Олимпиада чемпионынан Димаштың көлік сыйламақ екені жөнінде сұраған.

Шайдоров әншінің қолдауына ризашылығын білдіріп, бұл жаңалықты көргенін айтты.

"Иә, көрдім. Димашқа құттықтауы мен музыкасы үшін алғысым шексіз. Ол – біздің үлкен мақтанышымыз. Мен тіпті оның әнімен Олимпиадада алтын аламын деп армандаған да жоқпын. Бірақ дәл осы музыканы қолдану – менің үлкен мақсатым болды", – деді спортшы.

Ол бұл шешіміне қатысты сын да аз болмағанын жасырмады. Кейбір мамандар мен жанкүйерлер еркін бағдарлама үшін бұл әуен қолайсыз деген пікір айтқан.

"Бұл әнді бес-алты жыл бұрын естідім. Сол сәтте-ақ Милан Олимпиадасына барып, дәл осы музыкаға сырғанағым келетінін түсіндім. Маусым бойы бұл әуен Олимпиада форматына сәйкес келмейді деп, қатты қысым жасалды. Бірақ мен оған мән бермеуге тырыстым. Өйткені мен тек осы музыкамен өнер көрсеткім келді. Бұл мен үшін өте маңызды болды", – деп қосты Шайдоров.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионына темір тұлпар сыйлайтынын мәлімдеген еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер