"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер мен plus size бойжеткендер қатыса алады

«Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер мен plus size бойжеткендер қатыса алады

Ұйымдастырушылар қатысу шарттарын түсіндірді.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Miss Qazaqstan байқауының директоры Айжан Рузаева қатысушыларға қойылатын талаптар мен жаңа ұстанымдар туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, байқауға 18 жастан асқан, бойы 165 сантиметрден жоғары барлық қыздар қатыса алады. Қатысу тегін – ешқандай жарна төлеу талап етілмейді, бұл талап аймақтық кезеңдерге де қатысты.

Біз баршаға ашықпыз. Байқауға трансгендерлер де, дәстүрлі сұлулық стандарттарына сай келмейтін бойжеткендер де қатыса алады. Бұл – әр адамның өз таңдауына байланысты. Егер адам өзін әйел ретінде сезінсе, онда ол байқауға қатысуға толық құқылы, – деді Рузаева.

Plus size форматындағы қыздарға қатысты пікіріне де тоқталған ол:

Олардың қатыса алмайтыны жөнінде кім айтқанын білмеймін. Керісінше, біз ерекше, харизмасы бар, әдемі қыздарды қуана қарсы аламыз. Өкінішке қарай, әзірге ондай арулар байқауға келмеді, бірақ біз күтеміз, – деді.

Айжан Рузаева халықаралық сұлулық байқаулары бұрынғы 90-60-90 стандарттарынан әлдеқашан бас тартқанын, ал қазақстандық байқау да сол үрдісті ұстанатынын еске салды.

Сонымен қатар ол басты талаптардың бірі – қатысушының тұрмыс құрмаған және баласы болмауы керектігін нақтылады.

Бұл – республикалық деңгейдегі байқау. Біз халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуіміз керек. Ал отбасылы немесе балалы әйелдер өздерін басқа, арнайы байқауларда көрсетуіне болады, – деп қорытындылады Рузаева.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.