KZNEWS.KZ
Қоғам

Министрлік оқушылардың жеке деректері тарап кеткенінен бейхабар

• Айгерім Асылова

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мектеп оқушыларының жеке деректері тарап кеткенінен бейхабар болып шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның сөзінше, ведомство әзірше ештеңе білмейді. 

- Біз әзірше ештеңе білмейміз. Қажет тексеріс жүреді, содан кейін ғана ресми жауап береміз, – дейді Мун. 

Еске салайық, бүгін қазақстандық Kundelik электронды күнделігіне тіркелген кемінде бірнеше мың оқушының жеке мәліметтері ашық тарап кеткені хабарланған болатын. Желілерде жарияланған деректердің ішінде баланың толық аты-жөні, туған күні, оқитын мектебі және сыныбы көрсетілген. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →