ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Министрлік "Ласковый май" тобының концерті өтеді деген ақпаратқа түсініктеме берді

Министрлік "Ласковый май" тобының концерті өтеді деген ақпаратқа түсініктеме берді

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанда бұқаралық іс-шаралар мен концерттер қайтадан өткізіле бастайды деген жалған ақпарат желіде тарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі ресейлік танымал топтың алдағы концерті туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова "Ласковый май" тобының концертін және басқа бұқаралық іс-шараларды өткізуге рұқсат беріпті-міс.

"Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Барлық ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан алуға болады, деп қосты ведомстводағылар.

Айта кетсек, Қазақстанда жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша заң бұзған адам 1 000 АЕК (2,7 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады/шектеледі.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 16 наурыздан бастап коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Сондықтан  бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: "Оқушыларға чип салынады": министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді


sputniknews.kz
Автор
Данияр