Сенім статистикасы: құзырлы органдарға халық көзқарасы қандай?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Министр Шымкентте вирус жұқтырған 23 науқастың қалай анықталғанын айтты

Министр Шымкентте вирус жұқтырған 23 науқастың қалай анықталғанын айтты

Қазір 1386 науқас емделіп жатыр, олардың арасында 100 бала бар. 258 науқастың жағдайы орташа, 32 адам ауыр халде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Өткен тәулікте Шымкентте коронавирус 23 науқастан табылған. Оның он алтысы – төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Өткен тәулік бойынша 141 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі 8,2 процентті құрады. Ең көбі Алматы қаласында - 82 науқас және Шымкентте 23 науқас", - деді Біртанов үкімет отырысында.  

Алматы қаласында 82 науқастың 78-сі жоспарланған скрининг тестің көмегімен анықталған. Олардың 60-ы  Орталық қалалық клиникалық ауруханада жатқан науқастар мен медицина қызметкерлері. 

"Шымкентте тіркелген 23 науқастың 16-сы скрининг бойынша анықталған науқастар. Төтенше жағдай департаментінің азаматтары. Қалғандары емделіп жатқан пациенттер және карантинде жатқандар", - деді министр. 

Айтуынша, қазір 1386 науқас емделіп жатыр, олардың арасында 100 бала бар. 258 науқастың жағдайы орташа, 32 адам ауыр хәлде жатыр, ал 1096 пациенттің жағдайы бірқалыпты.


sputniknews.kz
Автор
Айбар