KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Миллион рет иә": 2025 жылғы "Қазақ аруы" қалыңдық атанды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

"Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы атанған Ақкербез Ысқаққызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қуанышты жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Миллион рет иә! Шексіз бақыттымын”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогер мен оның сүйіктісін жарыса құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, блогердің сүйіктісі – Әкежан Айтбеков есімді спортшы.

Еске салайық, Қызылорда облысының тумасы Ақкербез Ысқаққызы – "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы. Оған тәж және арнайы шапан тағылды. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген. Алайда желі қолданушылары арасынан байқау әділетсіз өтті деп санағандар табылған еді. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →