KZNews.kz
Қоғам

Миллион долларлық пәтерлер: Назарбаевтың туыстары мен бірнеше шенеуніктің Дубайдағы мүліктері анықталды

KZNEWS

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарының, мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің және басқа да қазақстандықтардың Дубайда қымбат жылжымайтын мүліктері бар екені анықталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


“Әсел Құрманбаева. Қызметі – "Астана Балет" театрының арт-жетекшісі. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі. Дубайдағы жылжымайтын мүлік: құны 270 мың доллардан асатын (119 миллион теңге) пәтер. Үй Палм-Джумейра – сәнді жылжымайтын мүліктері мен люкс қонақ үйлері бар жасанды аралда орналасқан", – делінген экс-президенттің екінші әйелінің ақпаратына.

Құрманбаева "оффшорлық компаниялар арқылы Назарбаевтың жақын адамдарынан 30 миллион доллар алған.

Ал мәжілістің экс-спикері Нығматулиннің әйелі Венера Баймырзаевадан ондаған жылжымайтын мүлік табылды.

"Венера Баймурзаева. Мамандығы – кәсіпкер. Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің жұбайы. Дубайдағы мүлкі: жалпы құны 4,3 миллион доллардан асатын (шамамен 2 миллиард теңге) 50-ден астам жылжымайтын мүлік", – делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы басшысы Берік Имашевтың ұлы Әлжан Имашевтың Дубайда Палм-Джумейрада құны 1 миллион доллардан асатын (441 миллион теңге) пәтері болған.

Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы басшысы Имашевтың әйелі Лейла Айдарбекованың да Дубайда 210 мың долларлық (92,6 миллион теңге) пәтері бар.

Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың әйелі Бағда Баталовада элиталық тұрғын үй кешенінен құны шамамен 210 мың доллар (92,6 миллион теңге) екі бөлмелі пәтері;


Сондай-ақ тізімде Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтің ісіне қатысы бар және екеуімен де тығыз байланыста болған құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Сергей Кузьменконың да Дубайда мүлкі бар. Кузьменконың Дубайда құны 348 мың доллар болатын (153 миллион теңге) екі бөлмелі пәтері бар екені анықталды.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары