KZNews.kz
Спорт

Миландағы Олимпиадада Қазақстан құрамасы 19-орынға жайғасты

Айжан Сыланова
Фото: arena.olimpbet.kz

Италия аумағында ұйымдастырылған XXV қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоровтың жеңіп алған алтын жүлдесі Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық есептегі нәтижесіне серпін беріп, елді 19-орынға көтерді, деп хабарлайды kznews.kz.

Спорт және туризм министрлігінің дерегіне сәйкес, ұлттық құрама 1994 жылдан бері алғаш рет қысқы Олимпиадада үздік жиырма елдің қатарына кіріп отыр.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта қазақстандық спортшылар қысқы спорт түрлерінде дәстүрлі түрде жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқан Финляндия, Польша және Бельгия құрамаларын басып озғаны атап өтілді.

Биылғы бәсекеде Қазақстан намысын спорттың 10 түрі бойынша 36 атлет қорғады, олардың 18-і ер, 18-і әйел спортшы.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →