Меруерт Түсіпбаева мен Жанар Хамитова ұрысып қалды
23 мамыр, 2019
Меруерт Түсіпбаева мен Жанар Хамитова ұрысып қалды
Желіде Меруерт Түсіпбаева мен Жанар Хамитованың ұрысып ұрысып жатқан сәті таралып кетті. Оқиға «Астарлы ақиқат» бағдарламасының түсірілімінде болғанға ұқсайды. Бірақ оқиғаның анық-қанығы белгісіз.
Видеодан Меруерт Түсіпбаеваның Жанарға: «Қарлығаштай қызға тиісіп, сен сүйттің, сен бүйттің дегенше, менің қарным ашып отыр. Мен ондайларды өнерге жабысқан кене деп айтамын»-деп ұрысып жатқанын көруге болады.
Ал Жанар болса: «Баймен айырылысты деп сен маған қадалма, түсіндің ба»-деп сөйлеп тастаған.
Бірақ әншілердің екеуі де бұл жағдайға қатысты түсінік берген жоқ.