Жантілек Нұртілепұлы «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазы атанды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Меркіде 19 жастағы келіншек көз жұмды: құрбысы оның соңғы хаттары туралы айтты

Меркіде 19 жастағы келіншек көз жұмды: құрбысы оның соңғы хаттары туралы айтты
Фото-коллаж: stan.kz

Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция істі өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қарап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұм Мадина Рашидқызы Өзбекстан азаматы болған. Ол Қазақстан азаматы болып саналатын күйеуімен шамамен екі жыл некеде тұрған. Ерлі-зайыптылардың сегіз айлық баласы бар.

Мадинаның құрбысы Зейнеп Мұсахожанованың айтуынша, марқұм бұған дейін де отбасындағы жанжалдар туралы бірнеше рет айтқан. Құрбысының сөзінше, Мадина күйеуінің өзіне қол көтеретінін айтып, денесіндегі көгерген іздердің суреттерін де жіберген.

Соңғы жанжал тәттіге байланысты болғаны айтылады. Мадинаның құрбысына жазған хаттарында күйеуі баласына әкелген шоколадты өзі жеп қойғаннан кейін жанжал шығып, соның соңы ұрып-соғуға ұласқаны жазылған.

Келесі күні Мадина киімдерін жинап, күйеуінен кетуге ниетті екенін айтқан. Ол құрбысынан 15 мың теңге қарыз сұраған.

Зейнептің айтуынша, қажетті сома өзінде болмағандықтан, таныстарынан сұрап көрмек болған. Алайда байланыс мәселесіне байланысты ақшаны дер кезінде таба алмаған. Кейін Мадинаның енесі оның қайтыс болғанын хабарлаған.

Құрбысының сөзінше, Мадина бұған дейін де өз туыстарынан және күйеуінің жақындарынан көмек сұраған.

Қазір марқұмның анасы полицияға түсініктеме беріп жатыр. Ал Зейнеп Мұсахожанова әзірге жауап алуға шақырылмағанын айтқан.

Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер