Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Менің бір ғана заңды әйелім бар»: Данияр Елеусінов мәлімдеме жасады

«Менің бір ғана заңды әйелім бар»: Данияр Елеусінов мәлімдеме жасады
фото: ашық дереккөз

Танымал боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Спортшы өзінің парақшасында жариялаған жазбасында жеке өміріне қатысты сөз қозғап, оқырмандарына үндеу жасаған.

Оның айтуынша, Саида есімді әйел – оның жалғыз заңды жары. Сондай-ақ боксшы жұбайының бірнеше жыл орамал таққанын, кейін оны шешкенін жазды.

«Менің бір ғана Саида есімді заңды әйелім бар. Ол 7-8 жылдай орамалда болды, кейін шешті. Әйелім келді ме, кетті ме – шаруаларың қанша? Өз өмірлеріңді сүріңдер», – деп жазды Данияр Елеусінов.

Жазбаға желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, спортшының бұл мәлімдемесіне қатысты сын айтқан.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.