KZNews.kz
Танымал

“Мені туған ағасындай көрді” - Мұхамеджан Тазабек Айсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы жайлы айтты

Ayzhan Sylanova

Ақынның айтуынша, ол Айсұлтанмен жақын араласып, бірге Умра қажылығына барған. 

«Меккеде, Мәдинада бірге болдық, бір бөлмеде жаттық, бір ұшақпен ұштық. Сол сапардан кейін Айсұлтан мені туған ағасындай көріп, айлар бойы бірге шай ішіп, бірге тамақтанып жүрдік», — деді Тазабек.

Оның сөзінше, Айсұлтан ақжүрек, ешкім туралы жаман ойламайтын, ізгі жан болып көрінген.

«Өмірінің соңғы сәттерінде қасында болмағандықтан, ол кезде не болғанын айта алмаймын. Бірақ мен көрген Айсұлтан — шынайы, мейірімді жігіт», — деп еске алды айтыскер.

Тазабек марқұмның анасы да одан баласы жайлы естеліктер сұрап, көңілге демеу іздегенін айтты. «Мен анасына Айсұлтанмен бірге өткен сол бір күндер жайлы айтып бердім», — деді ол.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары