"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Мен жазда үйленемін”: Димаш Құдайберген командасындағы жігітті таңғалдырды

“Мен жазда үйленемін”: Димаш Құдайберген командасындағы жігітті таңғалдырды

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «DQ Team» тобы Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасына қонақ болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарлама барысында бек-вокалист Расул Усманов Димашқа қатысты қызықты естелігімен бөлісті. Оның айтуынша, команда құрамына енгеннен кейін шамамен алты ай өткен соң Димашпен жеке өмір туралы әңгіме өрбіген.

«Мен жазда үйленетінімді айттым. Сонда Димаш “тойыңа барамын” деді. Ол сөзге аса мән бермедім. Алайда жазда ұзату тойы өтіп жатқан күні Димаш хабарласып, мекенжайды сұрады. Сол сәтке дейін сенбедім. Бірақ ол шынымен келді», – деп әңгімеледі Расул Усманов.

Айта кетейік, бұл оқиға көрермендерге Димаш Құдайбергеннің қарапайымдылығы мен команда мүшелеріне деген ерекше құрметін тағы бір мәрте көрсетті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.