KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Мен сені жоқ қылып жіберем”: Арман Дүйсеновтың жары мәлімдеме жасады

Ayzhan Sylanova

Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы «TalkLike» YouTube арнасына берген сұхбатында күйеуінің қазасына дейінгі отбасылық қиындықтарды және оларды алдап кеткен азаматқа қатысты мәліметтерді ашық айтты,, деп хабарлайды kznews.kz.

Айсұлудың сөзінше, Арман Дүйсенов көзі тірісінде 66 млн теңге қарызын қайтармай кеткен адамға алданып қалған.

Ол сұхбатында былай дейді:

"Барлығы Иманмади Қалихан деген кісіден басталды. Сот үкімі шыққан соң бұл туралы ашық айта аламын. Ол 6,5 жылға сотталды. Арман тірі кезінде оған сеніп, қомақты қаражат берді. Арман қайтқан соң ақшамды сұрағанымда, «қарыз алып болса да қайтарамын» деп уәде етті. Бірақ ақшаны әкелмеді. Мен де тоқтамай іздеп жүрдім," – деді Айсұлу Айданқызы.

Оның айтуынша, дәл осы іске байланысты құқық қорғау органдарына арыз жазуға олардың ұлы ықпал еткен.

"Ұлым «енді сотқа жазыңыздар, қазақшылыққа салынудың қажеті жоқ» деді. Кейін білсек, Қалихан Иманмадиден зардап шеккендер өте көп екен. Қолында дәлелі бар адамдармен бірігіп, Алмалы аудандық полициясына арыз бердік. Сол кезде ол маған қоқан-лоқы көрсетті. «Сені жоқ қыламын, мені білесің бе?» деп қорқытты," – деді ол көзіне жас алып.

Айсұлудың айтуынша, олардың Қалиханға сенуіне қызының шетелдегі оқуына қатысты уәделер себеп болған.

"2018 жылы қызымыз Англияға оқуға бармақ болды. Сол кезде бұл адам «көмектесемін» деп бірнеше мәрте ақша алды. «Ақшаны шетелге жібердім» деді, бірақ ол жақтан ештеңе түспеді. Кейін «шотым бұғатталды, шығару үшін тағы ақша керек» деп Арманды сендіріп жүрді. Жалпы беруі тиіс сома – 66 млн теңге. Бастапқы қарыз 83 млн болған, соның бір бөлігін қайтарып, қалғанын өзінде қалдырды," – деді ол.

Айсұлу Айданқызы бұл оқиғаның тым кеш анықталғанын, алдау фактісіне қатысты шаралар да дер кезінде қабылданбағанын өкінішпен жеткізді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары