Бәрекелді, БЖЗҚ: зейнетақы активтері 28,5 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Басшысы ұсталған ҚТЖ мәлімдеме жасады

Басшысы ұсталған ҚТЖ мәлімдеме жасады
КОЛЛАЖ: АЙНҰР ҚАЙРАТБЕКҚЫЗЫ

ҚТЖ өкілдерінің мәліметінше, қазіргі жағдай теміржол қатынасының үздіксіздігіне әсер етпеген. Жолаушылар және жүк пойыздары бекітілген кесте бойынша қатынап, тасымалдау процесі толық көлемде қамтамасыз етіліп отыр.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің ұсталуына байланысты ресми мәлімдеме жасады. Компания басшылыққа қатысты тергеу жұмыстарына қарамастан, жолаушылар мен жүк тасымалы әдеттегі тәртіппен жүзеге асып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz. 

Компания таратқан хабарламада қозғалыс қауіпсіздігі мен пойыздардың уақытылы жүруі тұрақты бақылауда екені атап өтілген.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жұмысын штаттық режимде жалғастыруда. Тасымалдау процесі үздіксіз жүзеге асырылып, жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толық көлемде қамтамасыз етіледі. Қозғалыс қауіпсіздігі және тасымалдау кестесінің орындалуы үнемі бақылауда», – делінген ресми мәлімдемеде.

Сондай-ақ компания жолаушылар мен клиенттер алдындағы барлық міндеттемені толық орындауға дайын екенін жеткізді.

Еске салайық, 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиев пен «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталғанын растаған еді. Ведомствоның хабарлауынша, олар 11 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен қолға түскен. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.