Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Таяқ жедім, алдандым”: Ғазизхан Шекербеков мәлімдеме жасады

“Таяқ жедім, алдандым”: Ғазизхан Шекербеков мәлімдеме жасады

Әнші Ғазизхан Шекербек Алматыға алғаш аяқ басқан сәтін еске алды. Ол өнердегі бастапқы қадамы жайлы айтып, ертеректе түскен суретін жариялаған.

"Мына сурет біршама ойға шомдырды… 2012 жылы Алматыға енді келген кезім есіме түсті. Осы уақыт ішінде қаншама жақсы адаммен таныстым. Қанша адамнан таяқ жедім, алдандым… Бірақ бәрі үлкен сабақ болды. Бұрын мені алдаған адамдарға ренжуші едім, ал қазір соларға да рахмет айтамын.Алданған өзімнің кінәм.) Кешегі қателікті бүгін жасамауға болады екен. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» демекші, әдетпен де күресіп, өзгеруді үйреніп жүрмін. Осы жылғы гастрольдік тур мені көп нәрсеге көзімді ашты. Тыңдарманым көбейген сайын, жауапкершілік те артып келеді. Қазір сахнадан тыс болсын бұрынғыдай еркелеп, тентектік жасаудан аулақпын. Жетер! Өзіме сай келмейтін қылықтармен қаншама рет өзімді ренжіттім, қаншама адамның көңілін қалдырдым... Сөйтсем, маған жетіспегені халық беретін шын қошеметтің ләззәты екен, сол жетіспеген соң былықтырып барлық жерден іздеппін ғой... Таптым! Енді бар өнерімді тек сахнада көрсетем деп шештім. Құдай сүріндірмесін!", - деп жазды Ғ.Шекербек.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.