"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Мен қайдан білейін?" Желіде ауыл әкімінің сұхбаты тарады (Видео)

"Мен қайдан білейін?" Желіде ауыл әкімінің сұхбаты тарады (Видео)

Әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы ауылдық округі әкімі Майра Жәкімсалованың сұхбатының үзіндісі таралып жатыр, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Желіде жарияланған видео үзіндіде әкім мен журналист 500 гектар жер жетпейтіні туралы мәселені талқылап жатқаны көрінеді.

"Бұл қалай анықталды?" - деп сұраған журналист.

"Халық жүгінді... Бұл қалай анықталды? Бұл қалай анықталғанын қайдан білейін?" - деп жауап берген әкім.

"500 гектар жер жетпеді деп тұрсыз ғой", - деп жалғастырады журналист.
"Сұрақ қойма, мен жауап беремін, болды. Келістік пе? Бірінші рет сұхбат беріп тұрмын", - деп жауап берген әкім.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікір екіге бөлінген: кейбіреулер әкімнің "шынайылығы" мен эмоциясын әзілмен қабылдаса, енді біреулер округ басшысы сұхбат бере алуы әрі тілшілермен сөйлескенде эмоцияға жол бермеуі керегін жеткізген.

Майра Жәкімсалова видеоны блогер, оқушысы әрі әріптесі Тимур Жұманов жариялағанын айтты.

"Ол келіп, ескертпей жұмыс барысын түсірді, монтажын жасады, жариялады, пиар жасауды ұйғарды. Бұл сұраққа шынында да дайын емес едім. Ол дұрыс істемеді. Бірақ мен үшін бұл сабақ болды", - деп түсіндірді ол.

Округ басшысы бұл жағдайға байланысты қатты алаңдайтынын мойындады.
"Екі күн жыладым. Өз халқыма адал қызмет етемін, кейде денсаулығыма да қарамаймын. Оны жұмысым көрсетеді. Facebook-те де тұрғындар менің жағымда. Алайда әлеуметтік желілерде "лауазымды сатып алғанымды", "біреудің қызы" деп жазатындар бар. Бірақ мен қарапайым отбасынан шыққанмын. Сұхбат үзіндісіне келетін болсақ, жайылым жер қатынастары бөлімінің құзыретіне жатады. Қалай болғанда да, өзімді ақтамаймын", - деп қорытындылады Жәкімсалова.

Автор
Айбар