Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Мен, әрине, Ерке Есмахан емеспін". Танымал КВН-шы қазақша ән шығарды

"Мен, әрине, Ерке Есмахан емеспін". Танымал КВН-шы қазақша ән шығарды

Ресейлік танымал КВН-ші Азамат Мұсағалиев Instagram желісіндегі парақшасында қазақ тілінде ән жариялады. Желі пайдаланушылары әзілқойдың музыкалық шығармасына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл, әрине, "Дос-Мұқасан" емес, әрине, Ерке Есмахан да емес. Бұл - мен, Азамат", - деп жазды әртіс жазбаның астында.

Әнді жайлаудағы жылқылар түсірілген видео сүйемелдеген.

Оның оқырмандары жақсы пікір қалдырып, шығармашылығы үшін алғыс айтты.

"Бізге қазір дәл осы ән керек еді", - деп жазды zhanarmukasheva1969.

"Сен жан-жақты талантсың. Біз сені жақсы көреміз. Қазақша көбірек ән айт", - деп қолдады baka_kurmasheva.
"Мен өз тіліне және тарихи Отанына деген махаббатын сезіндім. Бұл - өте әдемі. Адам өз орнын біліп, өзін бағаласа, демек ол жай адам емес", - деп жазды moldabekovafarida.
Автор
Айбар