Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды

Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Ардақ Әшімбекұлы қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындады. Президент жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

"Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Айта кетсек, Садықұлов осы қызметті 2014 жылы атқарған болатын.

Әнуар Садықұловтың өмірбаяны

Қазақстан президенті күзет қызметінің құрметті қызметкері Әнуар Садықұлов 1967 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

© Foto : Мемлекеттік күзет қызметінің ресми сайты

Қазақстанның мемлекеттік қүзет қызметінің жаңа бастығы Әнуар Садықұлов

1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. 1985-1987 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті.

Еңбек жолы

  • 1992 жылы ҚР президенті күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін Қазақстан президентінің жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген.
  • 2006 жылы Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды.
  • 2012 жылы Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған.
  • 2013 жылы – Қазақстан президенті күзет қызметінің бастығы болды.
  • 2014 жылы мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР мемлекеттік күзет қызметінің бірінші бастығы болып тағайындалды.
  • 2014 жылғы шілдеден – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "А" қызметінің бастығы.

Марапттары

2-ші дәрежелі "Айбын" және "Андропов" ордендерімен, 11 медальмен марапатталған.


sputniknews.kz
Автор
Арман