Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Сүйінші, ағайын": Нартай Аралбайұлы асыға күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

"Сүйінші, ағайын": Нартай Аралбайұлы асыға күткен қуанышты жаңалығын бөлісті
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Нартай Аралбайұлы

Мәжіліс депутаты әрі Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның мәліметінше, Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы ресми түрде аккредитациядан өтті.

"Сүйінші, мергендер! Федерация аккредитация алды. Бұл – үлкен саяси маңызы бар шешім. Дәстүрлі садақ ату енді футбол, волейбол секілді жеке федерация ретінде дербес даму жолына түсті", – деп жазды ол.

2026 жылдың 23 ақпанында Нартай Аралбайұлының жетекшілігімен федерация жеке аккредитацияға ие болған. Бұл шешім ұйымға тәуелсіз қызмет етуге және мемлекеттік қолдауға тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Енді федерация өз штаттық құрылымын бекітіп, спортшыларға стипендия тағайындап, мемлекеттен тікелей қаржылай және ұйымдастырушылық қолдау ала алады. Бұл дәстүрлі садақ ату спортының дамуына тың серпін береді деп күтілуде.

Айта кетейік, алғашқы республикалық федерация 2019 жылдың 22 шілдесінде құрылған. Алайда сол кезде ресми аккредитация Ұлттық спорт қауымдастығына тиесілі болған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер