Ресейдегі МемДума сайлауы: "Біртұтас Ресей" алда келеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түнгі клубтардан қыз іздеген: Астанада екі апалы-сіңілі күйеулерімен бірігіп притон ұйымдастырған

Түнгі клубтардан қыз іздеген: Астанада екі апалы-сіңілі күйеулерімен бірігіп притон ұйымдастырған
фото: ашық дереккөз

Астанада кәмелетке толмағандарды тарта отырып, притон ұйымдастырды деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Іс сотқа жолданды, деп хабарлайды kznews.kz елордалық прокуратураға сілтеме жасап.

Тергеу мәліметі бойынша, 2023 жылдан 2025 жылға дейін апалы-сіңілі екі әйел жұбайларымен бірге елордадағы тұрғын үй кешендерінде интим қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған.

"Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген. Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген, - деп хабарлады прокуратура.

Клиенттерді пәтерлерде күштеп ұстаған

Бұдан бөлек, тергеу барысында қылмыскерлер клиенттердің алкогольдік масаң күйін пайдаланып, оларға күш қолданып, ақшалай қаражаттарын бопсалағаны, сондай-ақ оларды жалға алынған пәтерлерде заңсыз ұстағаны анықталған.

Барлық 15 фигурант ұсталды. Оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.