"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында пәндік дамытушы ортаның жағдайы және жетілдіру жолдары"
31.01.2019
14:09
0
4

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында пәндік дамытушы ортаның жағдайы оны жетілдіру жолдары
Мақсаты: балалардың ерте жастан психо- физиологиялық мүмкіндіктерін жағымды дамытуға мүмкіндік беретін пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастыру, әлеуметтік белсенді жеке дара баланы қалыптастыру және жетілдіру.
Міндеттері: - балаларды жан-жақты және үйлесімді ерте жастан дамыту үшін жағдайлар жасау және оның мектепке дейінгі жаспен сабақтастығы;- әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесіне сәйкес ұстауды дамыту;- пайдаланған әдістер мен көрнекіліктерімді балардың ойларының дамуына ықпал ету;
Дамыту ортасында мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дағдылары қалыптасады, өмірлік тәжірибе жинақтайды, әртүрлі заттарды және құбылыстарды реттеу мен салыстыруға үйренеді,ересектермен,қатарластарымен өзара эмоционалдық-практикалық тәжірибеге ие болады, өзіндік тәжірибеде білім алады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған пәндік-дамытушы орта (топта)әр балаға тұлғаның қандай да бір қасиетін иеленуге, жан-жақты дамуына теңдей мүмкіндік береді. Топтық кеңістікте пәндік-дамыту ортасын ұйымдастыру кезінде әрбір баланың тұлғалық негізгі сипаттарының қалыптасуына, оның қызығушылықтары мен қабілеттіліктерінің дамуына көмектесетін барлық жағдайды ескеруі тиіс.
Пәндік-дамытушы орта тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, оқу кезеңі және педагогтармен іске асырылатын бағдарламаға байланысты өзгерукеректігін естен шығармау қажет. Пәндік-дамытушы ортаны құрған жағдайда келесі ережелерді есте сақтау қажет:1.Пәндік дамытушы орта білім беруші, дамытушы, тәрбиелеуші,ынталандырушы, ұйымдастырушы, коммуникативтік функциясын атқаруы тиіс. Пәндік-дамытушы ортаның топтасуы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі қажет, білім беру үдерісінің біртұтастылық қағидатына сай келуі тиіс;2. Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс;
3. Заттардың формасы мен дизайны балалардың қауіпсіздігіне және жасына бағдарлануы тиіс;4. Әрбір топта балалардың эксперименттік іс-әрекеттеріне арналған орынды қарастыруы қажет;5. Топтық кеңістікте заттық ортаны ұйымдастыра отырып , психикалық даму заңдылықтарын, олардың денсаулық көрсеткіштерін, психофизиологиялық және коммуникативтік ерекшеліктерін, жалпы және сөйлеуінің даму деңгейін, сонымен қатар,эмоционалдық -қажеттілік саласының көрсеткіштерін ескеру қажет;6. Түс палитрасы жылы, пастельді түстерде болуы тиіс;7. Топтық бөлмеде дамытушы кеңістікті құру кезінде ойынның басты рөлін ескеру қажет;8. Топтың заттық -дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.
Күтілетін нәтиже: Мақсатқа бағытталып ұйымдастырылған пәндік-дамытушы орта баланың үйлесімді дамуы мен тәрбиеленуінде маңызды рөл атқарады.Эстетикалық талғаммен жасақталған дамытушы орта мектеп жасына дейінгі балаларда қуаныш сезімін оятып, балабақшаға деген жағымды эмоционалдық қатынасты, оған бару ниетін тудырады, жаңа әсерлері мен білімдерін байытады , белсенді шығармашылық қызметке шақырады, балалардың зияткерлік дамуына көмектеседі .Дамытушы ортада ұйымдастырылатын белсенді іс-әрекеттер, белсенді ойындар, жаттығулар,еркін ойындар, танымдық тапсырмалар балалардың ерте жастан белсенділігін, байқампаздығын, даралығын, шығармашылық қабілеттерін дамытып, балаларды бір-бірімен және үлкендермен жағымды қарым-қатынасқа, ұйымдаса ойнауға, еркіндікке, тәртіпті болуға тәрбиелейді
Назарларыңызға рахмет!
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ