"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елге танымал заңгер шаш ектіремін деп көз жұмды (ФОТО)

Елге танымал заңгер шаш ектіремін деп көз жұмды (ФОТО)
Depositphotos.com

Владивостоктың танымал заңгері Андрей Капустин шаш трансплантациясы операциясы кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алғашқы ақпаратты Baza Telegram арнасы таратқан.

Хабарламада анестезия енгізілгеннен кейін Капустиннің жағдайы күрт нашарлап, ота барысында көз жұмғаны айтылған.

Сондай-ақ, процедура кезінде клиникада бейнежазба жүргізілмегені атап өтілген. Қазір өңірдің тергеу органдары клиниканың қызметін және пациент өлімінің мән-жайын толық тексеруге кірісті.

Дереккөз мәліметіне сүйенсек, заңгер операцияға алдын ала мұқият дайындалып, оған 300 мың рубль төлеген. Қазіргі болжамдар бойынша, оның өліміне наркозға аллергиялық реакция, инсульт немесе үзіліп кеткен тромб себеп болуы мүмкін.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер