Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жаңа оқу жылынан бастап енеді": Жұлдыз Сүлейменова маңызды мәлімдеме жасады

"Жаңа оқу жылынан бастап енеді": Жұлдыз Сүлейменова маңызды мәлімдеме жасады
parlam.kz. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс кулуарында мұғалімдерді аттестациялау жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің сөзінше, қазір аттестациялау тәртібін жаңарту туралы бұйрық жобасы Орта білім комитетімен бірге талқыланып жатыр. Құжат әзірге бекітілмеген.

"Егер бұйрық қабылданса, өзгерістер тек келесі оқу жылынан бастап қолданысқа енгізіледі", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Ол бұл жұмысқа педагогикалық қауымдастықтың белсенді түрде ұсыныс жолдап отырғанын да атап өтті.

"Білікті әрі тәжірибелі мұғалімдер авторлық бағдарламаларды алып тастау мәселесін қоса алғанда, түрлі ұсыныстарын жіберіп жатыр. Барлық ұсынысты жан-жақты қарап, талдап отырмыз. Бұған дейін "педагог-мастер" және "педагог-зерттеуші" санаттарына қатысты шешім қабылданғанын білемін, мұғалімдер арасында белгілі бір наразылық болғанын да түсінемін. Қазір жаңа аттестациялау тетіктерін барынша ашық әрі әділ ету бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді министр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер