Білім

"Деңгейіне қарап бағалануы тиіс": Жұлдыз Сүлейменова маңызды мәлімдеме жасады

"Деңгейіне қарап бағалануы тиіс": Жұлдыз Сүлейменова маңызды мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидаларын әзірлеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Елордада орталық атқарушы органдар мен ауыл әкімдері арасында өткен ашық диалог кезінде магистратураны тәмамдаған мұғалімдерге біліктілік санатын автоматты түрде беру жөнінде ұсыныс айтылды. Министр бұл мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіріп қана қоймай, соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланған педагог-зерттеушілердің авторлық бағдарламалары туралы да пікір қосты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев педагогтерді қорғауды және қолдауды тапсырды. Бүгінде осы бағытта "Педагог мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізілуде. Министрлік педагогикалық қауымдастықтың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ұстаздарды аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесін пысықтауда. Оның ішінде ұстаздардың авторлық бағдарлама әзірлеуіне қатысты мәселе бүгінде өзекті болып отыр. Ал магистратура бітірген ұстаздарға бірден біліктілік санатын беру жөніндегі ұсынысқа мен қарсымын. Себебі, орта білім жүйесінде мұғалімнің біліктілігі оның сабақ берудегі кәсіби шеберлігінің деңгейіне қарай бағалануы тиіс", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz