100 күнге созылған шығармашылық додада қатысушылар қазақ поэзиясының жауһарларын жаттап, мәнерлеп оқып, сөз өнеріне деген құрметін танытты, деп хабарлайды kznews.kz.
Астаналық мектеп директоры "100 күнде 100 өлең" республикалық байқауында топ жарып, бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Assyltas" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық адам қатысты.
Астана қаласынан қатысқан №107 жалпы орта мектебінің директоры Айгүл Базарбайқызы 100 күн ішінде 100 өлең жаттап, өз білімін есте сақтау қабілетін және поэзияға деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Нәтижесінде елордалық директор байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, автокөлік иегері атанды.